Үш тағылым
1. Мейірімнен - сауап. 2. Жақсылықтан - шарапат. 3. Жамандықтан - кесапат.
Үш қасиет
1. Өліде - аруақ. 2. Малда - кие. 3. Аста - кепиет.
Үш тоқтам
Ақыл - арқан, ой - өріс, адам - қазық.
Үш қуаныш
1.Жақсылығың алдыңнан шықса. 2. Өзіңді елің сыйласа. 3. Дос жараның көп болса.
Үш биік
1. Дəреже. 2. Дəулет. 3. Даналық.
Үш асыл
1. Көз. 2. Тіл. 3. Көңіл.
Үш артық
1. Адалдық. 2. Еңбек сүйгіштік. 3. Өнерпаздық.
Үш ынтық
1. Еркін өмір. 2. Құрметке бөлену. 3. Пайдалы еңбек.
Үш апат
1. Зілзала. 2. Өрт, жұқпалы ауру. 3. Соғыс.
Үш кедейлік
1. Кежірлік. 2. Еріншектік. 3. Ұйқы (Төле би).
Үш кемдік
1. Баласыздық. 2. Жарымжандық. 3. Ақылсыздық.
Үш бақытсыздық
1. Жаман қатын. 2. Жаман ат. 3. Жаман көрші.
Үш көз
1. Су анасы - бұлақ. 2. Жол анасы - тұяқ. 3. Сөз анасы - құлақ.
Үш ақиқат
1. Қымбат - шындық. 2. Арзан - өтірік. 3. Дауасыз - кəрілік (Жан құтты шешен).
Үш тəтті
1. Жан тəтті. 2. Мал тəтті. 3. Жар тəтті.
Үш жамандық
1. Ата-ананы сыйламау. 2. Зорлық жасау. 3. Отанын сату.
Үш қадірсіз
1. Жастық шақ. 2. Денсаулық. 3. Жақсы əйелдің қадірін білмеу.
Үш қадірлі
1. Ырыс. 2. Бақ. 3. Дəулет (Жиренше).
Үш даусыз
1. Ажал. 2. Мінез. 3. Кəрілік.
Үш арсыз
1. Тамақ арсыз. 2. Ұйқы арсыз. 3. Күлкі арсыз.
Үш ғайып
1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып. 3. Несібе ғайып.
Үш қуат
1. Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.
Үш арыс
1. Сəкен. 2. Бейімбет. 3. Ілияс.
Үш дана
1. Абай. 2. Шоқан. 3. Ыбырай.
Үш би
1. Үйсін Төле би. 2. Арғын Қаздауысты Қазыбек би. 3. Əлім Əйтеке би.
Үш байлық
Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық.
Үш жұрт
1. Өз жұрты. 2. Нағашы жұрты. 3. Қайын жұрты.